
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 78-бабының 1-тармағына сәйкес алдағы төленетін кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу есебіне енгізілген, төлеуші нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың, арнайы, демпингке қарсы баждардың, өтемақы баждарының нақты түрлері мен сомалары бөлінісінде сәйкестендірмеген ақша аванстық төлемдер болып танылады.
Аванстық төлемдер өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебіне пайдаланылуы мүмкін.
Кеден АЖ толық енгізілгенге дейін Кеден АЖ-де Кедендік декларацияларды (КД) шығару және КАжС сомаларын есептеу үшін «Алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер» БСК 106119 пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Заң шеңберінде ЕСН бойынша КаЖС төлеуді жүргізу кезінде 106119 БСК пайдалану алынып тасталды.
Осыған байланысты ЕСН бойынша төлемді тек белгілі бір БСК бойынша жүргізу қажет (106201, 106104, 106105, 105102, 106101 және т.б.), 106119 БСК-дын қоспағанда.