
Оңайлатылған декларацияның негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының сомаларын есептеуді, төлеуді және әлеуметтік төлемдерді аударуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен және (немесе) Салық кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізеді.
Бұл ретте төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының, әлеуметтік төлемдердің және (немесе) бірыңғай төлемнің есептелген сомалары Салық кодекстің 688-бабында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде тапсырылатын оңайлатылған декларацияда көрсетіледі.
##МКДАСТАНА#ДГДАСТАНА#салық#налоги#кеден#таможня#казахстан#астана