Жарияланған күні: 28.11.2024 17:33
Өзгертілген күні: 28.11.2024 17:35

 

Есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер:

1) есепті салықтық кезеңде - есепті салықтық кезең және (немесе) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдер үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте;

2) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде - есепті салықтық кезең үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте шегерімге жатады.

Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердің төленген сомасы Салық Кодекстiң 102 және 103-баптарында айқындалған тәртiппен есепке жатқызу жүргiзілгені ескеріле отырып айқындалады.

Салықтарды және бюджетке төленетiн төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтар және төлемдер үшін) салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.