Жарияланған күні: 23.12.2024 16:32
Өзгертілген күні: 23.12.2024 16:34

Декларациялауға қалай дайындалу керек?



2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жеке тұлғаларға:

1) мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ретке келтіруді;

2) нотариустардан қарыз шарттарын куәландыруды;

3) банк шоттарына ақшалай қаражатты (37 млн теңгеден астам) орналастыруды;

4) тәуелсіз бағалаушыдан қымбат мүлікті бағалауды;

5) толтырмас бұрын келесі сайттарда Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын дербес тексеру ұсынылады:

тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісімдер бойынша

https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru

зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;

бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz;

сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;

несиелік келісімдер үшін Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу қажет.