Жарияланған күні: 28.01.2025 15:45
Өзгертілген күні: 28.01.2025 15:49

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент) кәсіпкерлерге шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны тапсырудың 2024 жылғы 2-ші жартыжылдықтағы мерзімі —2025 жылғы 15 ақпан екенін еске салады.

Маңызды: салық кезеңінде алынған табыс 24 038 АЕК-тен, ал қызметкерлерінің саны 30 адамнан аспауы керек.

Декларацияны қалай тапсыруға болады?

"Салық төлеуші кабинеті" веб-қосымшасы, СОНО АЖ, eSalyq Business мобильді қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште тапсыруға болады.

Жүйенің шамадан тыс жүктелуін және байланыс арналарының кешігуін болдырмау үшін Департамент декларацияны алдын ала тапсыруды ескертеді.

Сондай-ақ, салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексіне (ӘҚБтК) сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын есте сақтаған жөн.

Астана қаласы бойынша статистика:

Декларацияны тапсыру бойынша 188 мыңнан астам кәсіпкердің міндеттемелері бар, олардың ішінде 154 мыңнан астамы жеке кәсіпкерлер, 34 мың заңды тұлғалар.