
Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою мынадай негіздердің бірі:
1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторы салық органдарына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен береді.