
2025 жылғы 28 сәуірде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Астана жастары» Жастар орталығымен «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа
қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында «Ойынқұмарлық пен лудоманияның алдын алу» тақырыбында лекция өтті.
Дәріс берушілер болып «Komekcenter» өкілдері сөз сөйледі:
Джемантаев Д.М. – гештальт тәсілінде жұмыс істейтін психолог;
Абрамова Д.И. – аддиктолог, тәуелділіктермен жұмыс істеу және соза тәуелді мінез-құлықты түзету маманы.
Дәріс берушілер «Лудомания», оның себептері және тәуелділік стадиялары ұғымдарына тоқталды.
Департамент қызметкерлері өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.