Жарияланған күні: 30.05.2017 16:56
Өзгертілген күні: 30.05.2017 16:57

  «Астана-жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің 17 таруында арнайы экономикалық аймақ аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу тәртібі қарастырылғанын хабарлайды.

    Салық кодексінің 151-1 бабына сәйкес қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың КТС, жер салығын, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi, мүлiкке салынатын салықты есептеу  кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент қолданылу қарастырылған.

Сонымен қатар заңды тұлғалар Салық кодексінің келесі талаптарына сай болуы тиіс:

-арнайы экономикалық аймақ аумағында МКБ тіркелуі;

-ҚР арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болуы;

-құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болуы;

-жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құралуы.

 

Астана қ.бойынша МКД «Астана-жаңа қала» МКБ