Жарияланған күні: 17.06.2016 18:23
Өзгертілген күні: 20.06.2016 10:54

 

Астана қаласы мемлекеттік  кірістер   Департаментінің Сарыарқа  ауданы бойынша мемлекеттік  кірістер   басқармасы  2016 жылдың  17 маусым күні «Сарыарка» ауданы әкімдігінің  ғимаратында   үздік салық төлеушілерді марапаттау  іс-шараларына бизнес өкілдеріне  қатысуымен салтанатты  іс-шара ұйымдастырылды.

Номинанттарды - Астана қаласы мемлекеттік  кірістер   Департаментінің Сарыарқа  ауданы бойынша мемлекеттік  кірістер   басқармасының басшысы  Тоқтарханов Е.Қ. марататтады.

Төлемдердің  жоғарғы көрсеткіштері, бюджетке салық төлемдерін  мерзімінде және толықтай төленуі, салық және  бюджетке төленетін төлемдердің көрсеткіштері,   үздік   салық төлеушілерді  таңдауға көмектесті.

«Адал салық төлеуші» номинациясы кәсіпкерлерді қоғамның қабылдауы, мемлекет алдындағы борышын толықтай орындау және тұрғындардың әлеуметін  нығайту, мемлекетіміздің әл-ауқатын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

 Осы  таңдау қорытындысы бойынша  6 лауреат  алғыс  пен  мемлекет  алдындағы өз міндетін адал орындаушы   дипломдарымен марапатталды:

 

 

1.  «ИЛФ Казахстан Инжиниринг и Управление Проектами» ЖШС

2.  «Фирма «АЛКОН ЖШС

3. «SST LIGHTING» ЖШС

4.  «Азия-Лайн»ЖШС

5.  ДЮСЕМБАЕВА Л.Х. ЖК

6. Новак Н.Э. ЖК

    Адал салық төлеушілерді марапаттау  кәсіпкерлерді ерікті түрде және мерзімінде салық төлемдерін төлеуге   ынталандыру, имандылығын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Салтанатты іс-шараның соңында басқарма қызметкерлерімен  концерттік программа дайындалып,  халықтық-патриоттық әндер шырқалды, күй ойналды.