Жарияланған күні: 20.06.2016 10:34
Өзгертілген күні: 20.06.2016 10:36

       Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2016 жылы 17 маусымында  елдің әл-ауқатының нығаюын және халықтың әлеуметтік қорғалуын қалыптастыра отырып, өзінің мемлекеттік борышын толық орындайтын  салық төлеушілерге құрмет пен алғыс ретінде, «Қазақстанның игілігіне салық үлесін қосқаны үшін» арнайы дипломымен марапаттау рәсімі өткізілді.

      «Адал салық төлеуші» атағына ие болған келесі салық төлеушілер тізімі анықталды:  "Таврида Электрик Астана" ЖШС; "Вираделис" ЖШС, "Астана-Телемет" ЖШС, "Алмаз-Холдинг" ЖШС, "КМГ Карачаганак" ЖШС.

       Басқарма басшысы - Нуржан Дамирович Байгазиев салық төлеушілерге алдағы уақытта да, жемісті еңбек және адал табыс тілейтіні жөнінде құттықтау сөзін арнап,  ризашылықпен арнайы дипломдарды салтанатты түрде табыстады. Салық төлеушілер өз тарапынан алғыстарын білдіре отырып, алдағы уақытта да, салықтық міндеттерін толық орындауға және мемлекет қазынасын толтыруға үлес қосатындарын жеткізді.