Жарияланған күні: 05.09.2024 09:48
Өзгертілген күні: 05.09.2024 09:54

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті декларацияны алдын ала тапсыруды ұсынады.

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауға кезеңмен көшу бекітілді:

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын тұлғалар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілгендер және олардың жұбайлары тапсырады;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап оларға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары қосылды;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жүйенің жаңа қатысушылары заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары; жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары болды;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны барлық ересек қазақстандықтар тапсыруға тиіс. Үшінші кезең декларанттары, атап айтқанда заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары биылғы жылы 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.