
2024 жылғы 21 қарашада Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке құраммен кездесу кестесіне сәйкес Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасыңың мемлекеттік қызметшілері үшін департамент басшысының орынбасары - әдеп жөніндегі уәкілі К.М.Есембековтың төрағалығымен түсіңдірме жұмыс өткізілді.
Түсіндірме жұмыс мақсаты: сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу, жанама салықтарды әкімшілендіру кезінде бұзушылықты болдырмау
Мемлекеттік қызметшілерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат заңнамалардағы өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның ішінде "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу» түсіндірілді.