Жарияланған күні: 31.10.2025 14:04
Өзгертілген күні: 31.10.2025 14:05

2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасында камералдық бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізетін жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Негізгі өзгерістердің бірі камералдық бақылау тәртібін жаңарту болады – оның көмегімен салық органдары тексеруге шықпай-ақ бұзушылықтарды анықтайтын механизм.

Камералық бақылау дегеніміз не

Камералдық бақылау – бұл салық есебі және салық төлеуші туралы деректерді олардың орналасқан жеріне шықпай-ақ, ұсынылған мәліметтер мен мемлекеттік органдардың ақпараты негізінде тексеру болып табылады.

Камералдық бақылау бұзушылықтарды анықтаудан сәйкессіздіктерді  анықтауға қайта бағытталды.

Камералдық бақылаудың мақсаты-салық төлеушіге (салық агентіне) салықтар мен бюджетке төлемдерді есептеу бойынша салық міндеттемелерін дербес түзету құқығын беру.

Жаңа камералық бақылау-бұл қателіктердің алдын алуға және салық міндеттемелерін ерікті түрде орындауға бағытталған әділ және автоматтандырылған жүйеге көшу.