Жарияланған күні: 09.08.2017 18:01
Өзгертілген күні: 23.08.2017 17:40

2017 жылдың 07 тамызында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының шілде айының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.

Бірінші орынды зергерлік компанияның директоры болып жұмыс істейтін - Светлана Александровна иеленді.

«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының екінші жеңімпазы - Арман Исатаевқа бұйырды.

Үшінші бағалы сыйлық Кәусар Серікқызына берілді.

Ең көп түбіртектерді жіберуіне байланысты Жадыра науқанның белсенді қатысушысы ретінде жұбаныш жүлдесін алды.

Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.

Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.