
2017 жылдың 11 қазанда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының қыркүйек айының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.
Бірінші орынды - Альмира сыйлық ретінде электр чайнегін алды.
«Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының екінші жеңімпазы - Данаға бұйырды.
Үшінші бағалы сыйлық Аскат Мадлетовичқа берілді.
Ең көп түбіртектерді жіберуіне байланысты Аскат науқанның белсенді қатысушысы ретінде жұбаныш жүлдесін алды.
Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.
Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.