
2017 жылдың 31 мамырында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Жасұлан Рамазанұлы Ахметовтың төрағалығымен кәсіпкерлер Палатасы Елордамызда Консультативтік кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Консультативтік кеңестің құрамы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының бизнес өкілдерінен және Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен (бұдан әрі - Департамент) тұрады.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Салық кодексі мен Кеден ісі туралы кодексі бойынша ұсыныстар қаралды:
- тарифтік реттеу басқармасының басшысы Есмагамбетов А.Р. «мемлекеттік көрсетілетін тіркеу карточкасына КТжС қызмет төлеуді қамтамасыз ету» тіркеуі бойынша оңтайландыруды ұсынды, «мемлекеттік қызметті ұсыну жөніндегі алдын ала шешімді тауарларды жіктеу» мерзімін қысқарту жөнінде беру (Қазақстан Республикасы Кеден ісі туралы кодексінің 81-бабы 1т., 80-бабы 3т.);
- аудит басқармасының бөлім басшысы Хамдиева М.М. (Салық кодексі 122-бабы) шегерімдерден кейінгі шығыстар мен шот-фактура толтыру кезінде мерзімдеріне байланысты (Салық кодексі 263-бабы) ұсыныстарымен талқылау жасады;
- Алматы ауданы бойынша басқарма басшысының орынбасары Дуйсенов А.Ж. резидент емес жеке тұлғаларға табыстарына салық салуына қатысты жекелеген жағдайларда (Салық кодексі 204-бабы), жалпы тәртіпте тіркелген әрекетсіз дара кәсіпкерлердің әлеуметтік салық төлеуі бойынша (Салық кодексі 358-бабы) ұсынысын ортаға салды;
- «Астана-Жаңа қала» басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Қайырбек А.Қ. Салық кодексінің 150-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында салық салу жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін түсіндіріп, тиімді ұсыныстарын талқылады.
Отырысқа қатысушылар арнайы дайындалған жобаларды талқылады.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті