Жарияланған күні: 30.06.2017 14:31
Өзгертілген күні: 01.07.2017 11:18

2017 жылдың 26 маусымында Елорданың Кәсіпкерлер палатасында Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Салық кодексіне төмендегідей ұсыныстар беріледі:

- Астана қаласы Кәсіпкерлер Палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшы Рахимбаева Ж.С. жаңадан құрылған күзет қызметіне және жалпыға бірдей белгіленген режим тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлерге патент құнын есептеу кезіндегі мерзімін ұзарту мәселесін қарауға ұсынды;

- Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары басқармасының бөлім басшысы М.Қалиева сөз сөйледі ҚР аумағынан тыс жердегі банктік шоттарда және шетел банктерінде ақшасы бар жеке тұлғалардың жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыруына байланысты ұсыныстар беру туралы; тұлғалардың сауда объектілерін, сауда объектілерінде жалға (пайдалануға) шетел валютасымен қызмет көрсетуде алынған табыстарының тәртібін айқындау бойынша табыс көзіне салынбайтын төлем тәртібін анықтау бойынша сұрақтар талқыланды.

Ұсыныстар әзірленетін жаңа салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жалпы дауыс беру қорытындысынан кейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіледі.

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті