
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл К.М.Есембековпен Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымымен кездесу өткізілді.
Кездесу кезінде әдеп нормаларын, мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.