Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Елорданың барлық салық төлеушілерін 2016 жылдың 18 ақпанында өтетін семинарға шақырамыз.
Семинар барысында 01.01.2016 жылы күшіне енген салық және кеден заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі:
· Кәсіпкерлік қызметті реттеу
· ҚР Кәсіпкерлік кодексі
· Мүлікті заңдастыру. Салық заңнамасындағы өзгерістерге шолу.
· ДСҰ Қазақстанның кіру. Жанама салықтарды әкімшілендіру сұрақтары бойынша заңнамадағы өзгерістер
· Кеден заңнамасындағы соңғы өзгерістерге шолу
· ҚР Салық кодексіндегі өндірістік емес төлемдер бойынша негізгі өзгерістер
· Арнаулы салық режимін қолданушылардың көкейкесті сұрақтары. Мүліктік табыс.
· Салық және кеден заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша тексеру және тексерістің нәтижесіне шағым жасау
· Салық және кедендік төлемдерді мәжбүрлеп өндіру мен шара қолдану әдісі. Оңалту және банкроттық сұрақтары.
Семинардың өткізілу мерзімі: 2016 жылдың 18 ақпан сағат 10:00-ден 13:00
Мекенжайы: Астана қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, 11. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғимаратының акт залында өтеді.
Кіру тегін