Жарияланған күні: 20.06.2024 15:10
Өзгертілген күні: 20.06.2024 15:15

Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады: 1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады; 2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады; 3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.