
Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгерту мынадай негіздердің бірі:
1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;
2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш бойынша жүзеге асырылады.
Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді салық төлеушi өзгерістер туындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салықтық өтініш салық органына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынуға жатады.
Бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыруды:
1) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
2) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда – фискалдық деректер операторының мәліметтері салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.