Жарияланған күні: 26.04.2024 17:01
Өзгертілген күні: 11.07.2024 18:06

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2023 жылдың екінші жартыжылдығы кезең мен 2024 жылдың өткен кезеңіне қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің қорытыңдысына жария талқылауды жүргізеді.

          Жария талқылау  өткізу мерзімі 2024 жылы 26 сәуірден  бастап 2024 жылғы 03  мамырға дейін.

         Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұсыныстар және толықтырулар болған жағдайда түсініктемелерге жазуды сұраймыз.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері

 

Талдаумен қамтылған қызмет бағыты

 

1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Қызметкердің заңды және жеке тұлғалармен тікелей байланысы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Қызметкердің экспорттаушымен/импорттаушымен байланысы (хат алмасу) ақпараттық жүйелерді пайдаланбай қағаз жүзінде жүргізіледі.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) әзірленгенге дейін валюталық бақылауды жүргізетін қызметкерлерге экспорттаушылардың/импорттаушылардың атына құжаттарға сұрау салулар "салық төлеуші кабинеті" АЖ арқылы жіберуге мүмкіндік беру қажет.

 

2. Рұқсат етуші функцияларды іске асыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Салықтық тексерулер жүргізу бөлігінде салықтық әкімшілендіру бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарау кезіңде салықтық тексеру барысында берілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті орган осы Кодекстің 186-бабында белгіленген тәртіппен тағайындалатын тақырыптық және (немесе) қайта тақырыптық тексерулер барысында осындай құжаттардың дұрыстығын айқындауға құқылы.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

ҚР Салық кодексінің 181-бабының 4-тармағын алып тастау. Қосымша құжаттарды қабылдауды болдырмау, себебі тексеру барысында салық төлеушіге құжаттарды ұсыну туралы талап қою кезінде жеткілікті қосымша уақыт беріледі. Барлық толық

 жағдайлар қабылданып және құжаттар ұсынылғаннан кейін ғана тексеру актісі құрылады.

 

3. МКО қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді талдау

1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

"Кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы

№188 бұйрығының (бұдан әрі – бұйрық) 2-тарауына сәйкес кедендік жете тексеруді жүргізу алдында уәкілетті лауазымды тұлға декларантқа немесе, егер бұл тұлғалар белгіленген болса, тауарларға қатысты өкілеттіліктері бар өзге тұлғаға кедендік жете тексеруді жүргізу орны мен уақыты туралы жазбаша (еркін нысанда) хабардар етеді. Іс жүзінде, кедендік жете тексеруді жүргізу күні мен уақытын айқындау кезінде Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы кедендік жете тексеруді жүргізу уақыты мен күнін дербес айқындайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Бұйрықта кедендік жете тексеруді тағайындау уақытын белгілеу мерзімі нақты көрсетілмеген, нәтижесінде МКО қызметкерінің бұл мәселеге субъективті түрде қарауға мүмкіндігі бар.

Кодексте және бұйрықта мұндай норманың болмауы МКО лауазымды қызметкерлеріне кедендік жете тексеруді жүргізу мерзімдерін заңсыз создыруына мүмкіндік береді.

Нақты регламенттің болмауы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды қызметкерлері декларанттарға заңсыз артықшылық беру мүмкіндігінен тұратын ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Бұйрықтың 2-тарауын келесі мазмұндағы 7.1-тармақпен толықтыру: "Кедендік жете тексеруді тағайындау күні мен уақыты жете тексеруді жүргізу туралы шешім қабылданған күні 1 жұмыс күні ішінде тағайындалады".

 

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) Кедендік қарап-тексеру кезінде имараттарды, үй-жайларды және аумақтарды, белгіленген талаптар мен шарттар сәйкестігіне, фото мен (немесе) бейнетүсірілім арқылы есепке алуды реттейтін норманың болмауы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Кодексте жоғарыда көрсетілген норманың болмауы МКО лауазымды тұлғаларына кедендік қарап-тексеруді заңсыз жүргізуге, атап айтқанда үй-жайлар мен аумақтардың, белгіленген талаптарға сәйкес келмеу ықтималдығын жасыруға мүмкіндік береді, бұл мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғалары мен бизнес қатысушыларының өзара қарым-қатынасында болатын әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Кодекстің 415 бабының 8-тармағына келесі мазмұндағы толықтыру енгізу: «Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру оны жүргізу үшін қажет болатын барынша қысқа мерзімде жүргізілуге және бір жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексерудің жүргізілетін уақыт кезеңін үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқамада ұзарту туралы мәліметтерді көрсете отырып, кеден органының басшысы не оны алмастыратын адам не кеден органы басшысының орынбасары ұзартуы, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Кедендік қарап - тексеруді жүргізу процесі фото және (немесе) бейнетүсірілім қолданыла отырып тіркеледі, оның нәтижелері кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі».

 

3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Тәуекел «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 Бұйрығының (бұдан әрі - Бұйрық 250) тізбесіне енгізілмеген тауарларды көп мөлшерде өткізу кезінде кеден бекеті қызметкері мен жеке тұлғаның өзара іс-қимылынан (сөз байласуынан) тұрады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

"Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты кейбір мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 107 шешіміне (бұдан әрі - 107-шешім) сәйкес бірақ 250-бұйрықта көрсетілмеген  нормалары шеңберінде 10 000 еуродан және 50 кг-нан аспайтын тауарларды алып жүру кезінде жеке тұлғаның кеден бекетінің қызметкерімен жасыл дәліз арқылы кедергісіз өту туралы сөз байласуы мүмкін, себебі 250-бұйрық жеке тұлғалар өткізетін тауарлардың шектеулі тізімін қамтиды. Бүгінгі таңда тауарлардың ассортименті өте үлкен оған: радио, электр жабдықтары, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, түрлі гаджеттер, косметика және т. б. жатады.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ Кодексінің 107-бабының 1-тармағының ж) тармақшасын және 339-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, бірыңғай жиынтық кедендік төлем (бұдан әрі-ЖКТ) түріндегі кедендік баждар төленуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарының бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алатын кедендік баждар, салықтар белгілеу қажет деп санаймыз.

1. Тауарлардың сипаты мен санына, сондай-ақ жеке тұлғалар жеткізіп салушысы бар және жоқ жолжүктегі тауаларды алып жүру жиілігіне қарай келесі көрсеткіштерден асатын тауарлар:

- киім және аяқ киім 2 (екі) зат бір адамға бір атаудағы, өлшемдегі және пішіндегі (қолданыста болғандарды қоспағанда);

-  бас киімдер 2 (екі) зат бір адамға бір атаудағы, өлшемдегі және пішіндегі (қолданыста болғандарды қоспағанда)

- дәретхана керек-жарақтары және парфюмерлік-косметикалық бұйымдар 3 (үш) зат бір адамға бір атаудағы (пайдаланылғандарды қоспағанда)

- асхана және ас үй ыдыстары 3 (үш) зат бір адамға бір атаудағы (пайдаланылғандарды қоспағанда);

- биологиялық белсенді қоспалар, витаминдер 5 қаптама, бума, ыдыстар бір адамға бір түрдегі (пайдаланылғандарды қоспағанда).

- үй шаруашылығында немесе тұрмыста пайдаланылатын жоғарыда аталмаған басқа да заттар-бір адамға шаққандағы әрбір атаудан 2 (екі) зат (пайдаланылғандарды қоспағанда).

 2. Жеке тұлғаның Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кесіп өтуі және оның (немесе) тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бір) реттен аспайды.

 

4. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды кедендік декларация ретінде пайдалана отырып жазбаша нысанда декларациялау Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тікелей қатысуы кезінде техникалық реттеу шараларын сақтаудан жалтаруға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

"ҚР-дағы кедендік реттеу туралы" ҚР 26.12.2017 ж. №123-VI ҚРЗ Кодексінің 175-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып, кедендік декларациялауға жазбаша нысанда жол беріледі. Тауарларға арналған декларация ретінде пайдалана отырып, тауарларды декларациялау мүмкіндігі/мүмкінсіздігі туралы шешімді мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлғасы қабылдайды.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

«Кеден» АЖ-ға енгізу тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) және форматтық-логикалық бақылауды (ФЛБ) міндетті түрде пайдалана отырып, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау электронды түрде кедендік декларация ретінде мүмкіндік береді.

 

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Хабарламаны орындау және камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны қалыптастыру үдерісі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Салық төлеушінің камералдық бақылау хабарламасын орындау процесінде салық төлеушінің хабарламаның орындалу барысын және камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындысын бақылауға мүмкіндігі жоқ, яғни хабарламаның орындалу/орындалмағаны туралы салық төлеушімен кері байланыс жоқ, яғни «Салық төлеушінің кабинетінде» хабарламаларының орындалу жай-күйін бақыла мүмкіндігі жоқ. Мұндай мүмкіндіктің жоқтығынан салық төлеушілер ақпарат алу үшін маманға жүгінеді.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Камералдық бақылау хабарламалары бойынша негізсіз шаралар қабылдау бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында хабарламаның толық орындалғанға дейін оның орындалуын және қорытынды қалыптастыруды қадағалау режимін "Салық төлеушінің кабинетіне"  енгізуді ұсынамыз, сондай-ақ шаралар қабылдау процесін автоматтандыру: салық төлеуші тарапынан қарау мүмкіндігімен "салық төлеушінің кабинетінде" шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы хабарламаның орындалу мәртебесін беру. Уақтылы орындалмаған хабарламалар бойынша әкімшілік материал жасау үшін келу туралы хабарламаны "салық төлеушінің кабинетінде" электрондық тәсілмен жолдай алады. Мұндай функционал камералдық бақылау хабарламасын орындамаған (уақтылы орындамаған) салық төлеушілерге қатысты уақтылы бақылауды және шаралар қабылдаудың бұлтартпастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, салық төлеуші хабарламаның мәртебесі туралы хабардар болады. Сол сияқты хабарламалардың басқа түрлері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарын ұсына алады.

 

3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Хабарламаны орындамау процесі және камералдық бақылаудың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін (РПРО) қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Егер РВУ-дың Бірыңғай Деректер Қоймасында хабарлама қойылған салық төлеушіде ЭЦҚ жоқ болса, хабарлама тапсырысты пошта арқылы жіберіледі.  Конверт регламентке сәйкес қайтарылған жағдайда шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім қойылады және салықтық тексеру актісі жүргізіледі. Әрі қарай, егер хабарлама жеке берілсе, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі РВУ-да автоматты түрде қайтарылады. Тапсырылған хабарлама 30 жұмыс күні өткеннен кейін орындалмаған жағдайда салық төлеушінің банктік шоттарына шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім қайта қойылуы тиіс, алайда бұл өкім РВУ жүйесінде қайта қойылмайды сол себептен қызметкерлер ҚР БСАЖ базасы бойынша хабарлама (техникалық телнұсқа) жасау жолымен шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін қалыптастырады.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында хабарламаны орындамауға байланысты өкімді қайта қалыптастыру РВУ-дың бірыңғай деректер қоймасына қол жетімді кіруді қосу ұсынылады.

 

4) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалар бойынша мамандар деңгейінде шығыс операцияларын тоқтата тұруды заңсыз кері қайтарып алу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

"Бірыңғай деректер қоймасы" хабарлама беру режимі ақпараттық жүйелерінде шығыс операцияларын қалыптастырылуын тоқтата тұру бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау себебінен қазіргі уақытта барлық қызметкерлерде БСАЖ АЖ (банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді басқару) арқылы шығыс операцияларын тоқтата тұруға кері қайтарып алу мүмкіндігі бар.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында шығыс операцияларын тоқтата тұруды кері қайтарып алуды МКБ орынбасарларының деңгейінен төмен емес жүзеге асыру ұсынылады.

 

5) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

ҚҚС қайтару бойынша тексерулерді бөлу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Бүгінгі күні ҚҚС қайтару бойынша тексерулерді бөлу рәсімін бөлім басшысы немесе басқарма басшысы қолмен жүргізеді.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Осыған байланысты, объективтілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту

мақсатында ҚҚС қайтару бойынша тексерулерді бөлу процесін МҚҚ ақпараттық

жүйелері арқылы автоматтандыруды ұсынамыз. Бөлу барысында келесі

сипаттамаларды ескеру қажет:

- қызметкерде ағымдағы тексерулердің болуы;

- тексерулердің жиілігі;

- талап сомалары;

- тексеру кезеңі;

- кәсіпорынның субъективтілігі және т. б.

 

6) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Жеткізушілер бойынша "Пирамида" талдамалық есебінің анықталған бұзушылықтары бойынша қайтарылуға жатпайтын ҚҚС сомасын айқындау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Тексеру жүргізу кезінде қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомасы келесілерден тұрады:

- 1 деңгей бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомасы;

- ТБЖ қолдану нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың болуына байланысты қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомалары;

- тәуекел пирамидасын қолдану нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың болуына байланысты қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомалары;

- валюталық кіріс түспеген тауарлардың экспорты бойынша ҚҚС сомасы;

- тауарлар экспортын растау фактісі жоқ ҚҚС сомасы және т. б.

Бұл сомаларды қызметкерлер ЕДБ мәліметтері, пирамида есептері және т. б. негізінде дербес есептейді.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Адам факторы жол берген негізсіз қайтаруды болдырмау мақсатында тәуекел пирамидасының есебі бойынша ТБЖ қолдану кезінде қайтарылуға жатпайтын ҚҚС ең аз сомасын шығару жолымен қайтарылуға жатпайтын ҚҚС сомаларын есептеуді автоматтандыруды ұсынамыз.

 

7) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім түрінде мәжбүрлеп жаза алу шараларын уақтылы қабылдамау, сондай-ақ мұндай шешімдерді уақтылы алып тастамау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Бүгінгі күні Астана қаласы бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары мүлікке иелік етуді шектеу туралы шешімдерді, мүлікке иелік етуді шектеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органдарға, атап айтқанда Әкімшілік полиция басқармасына (МАИ) және Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына "Word" форматындағы құжатпен "Документолог" бағдарламасы арқылы жібереді. Тиісінше, бұл әдіс сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға және уақтылы шаралар қабылдамауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауы үшін мүмкіндік болып табылады. Мысалы, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері борышкерлерді, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім қабылдау қажет салық төлеушіні тізімнен алып тастай алады ("Word"форматы болғандықтан) немесе көшіру және жүйден шығару кезінде қателік жіберуі мүмкін. Автоматтандырылған режимде қате немесе адам факторынан болатын қателіктер мүлдем алынып тасталады. Сондай-ақ, бұл әдіс тиімсіз, өйткені көп уақыт мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімдерді жасауға және оларды қайтарлып алуға, осы бұйрықтардың басшылық құрамына қол қоюға кетеді. Бұл рәсім көп уақытты алады, дәл сол шешімдер мен шешімдерді қайтарып алу  "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға күн сайын автоматтандырылған режимде жіберіліп отырады. Сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында мүлікке иелік етуді шектеу туралы шешімдерді, сондай-ақ олардың кері қайтарып алу бағыттау бойынша жүйені автоматтандыру қажет.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімдерді уәкілетті органдарға жіберу процесін автоматтандыру.

 

5. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Банкроттықты басқарушы "Оңалту және банкроттық туралы" ҚРЗ 11-бабы тәртібімен банкроттардың лауазымды тұлғаларын субсидиарлық жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдамаған кезде қорытынды есепті келісу тәуекелі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

"Оңалту және банкроттық туралы" ҚРЗ 100-бабына сәйкес, Құрылтайшыны немесе лауазымды адамды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сот актісінің орындалуы нәтижесінде банкорттың мүліктік массасына келіп түскен ақша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жіберуге жатады. Мұндай ақшаның есебінен әкімшілік шығыстарды өтеуге жол берілмейді. Осыған байланысты банкроттықты басқарушының борышкердің өкілімен құжаттарды қабылдаудың жалған актісін жасау арқылы қаржылық-бухгалтерлік құжаттаманы беруге қатысты сөз байласу ықтималдығы туындайды. Құжаттамаға нақты қолжетімділіктің болмауына байланысты МКБ қызметкерлері мен банкроттықты басқарушы банкроттардың лауазымды тұлғаларын субсидиарлық жауапкершілікке тартпай, қорытынды есеп келісіледі.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Банкроттардың лауазымды адамдарының есебінен банкроттықты басқарушының әкімшілік шығыстарын төлеу мәселесін қарау бөлігінде "оңалту және банкроттық туралы" ҚРЗ-ға өзгерістер енгізу.