Жарияланған күні: 15.10.2024 09:30
Өзгертілген күні: 15.10.2024 09:30

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.



Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде қосылған құн салығын төлеушінің Салық кодекстің 46-тарауына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызуға құқығы бар.



Сондай-ақ, оларды дайындау жөніндегі жұмыстар орындалған Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілетін, оларды дайындау туралы шарттар бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларға қатысты қолданылады. Көрсетілген тауарларға алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлар жатпайды.



Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша, заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша, тауарларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.



##МКДАСТАНА#ДГДАСТАНА#салық#налоги#кеден#таможня#казахстан#астана