
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елорданың 63 351 тұрғындарының 2 млрд. 617 млн. теңге сомасына мүлік салығы бойынша берешегі бар екенін хабарлайды, оның негізгі үлесі көлік салығы 2 млрд. 140 млн. теңге, мүлік 476 млн. теңгеден жоғары.
Антирейтингті Алматы ауданының тұрғындары басқарып отыр, жалпы соммасы 1 млрд. теңгеден асады.
Сонымен қатар, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салық ұйғарымдарын жібереді, олар борышкерлерге, оның ішінде мүлкіне және банк шоттарына тыйым салу, сондай-ақ республикадан тысқары жерлерге шығуды шектеу шараларын қолданады.
Бұл ретте қарыз сомасының 25 пайызына дейінгі сот шығындары ұсталады.
Сонымен қатар, әрбір кешіктірілген күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады.
Салық төлемеуге байланысты келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін салықты уақытында төлеуге шақырамыз.
Салықтар туралы толығырақ ақпаратты 1414/3 телефоны арқылы немесе Instagram @astana_mkd_dgd_astana парақшасында.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/item/678070-astanada-62-my-adam-saly-t-leuden-zhaltaryp-zh-r