
Елорда тұрғындарының мүлік салығы бойынша берешек сомасы –
2 млрд. 632 млн. теңгені құрады. Бұл туралы Астана қаласы бойынша МКД хабарлайды.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төлемді кешіктірген әрбір күн үшін өсімпұл есептелетіндігін, сондай-ақ берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін екендігін еске салады. Сонымен қатар сот орындаушыларының қызметтері үшін салық төлеушіден қосымша шығын шығантындығын білдіреді.
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің қарызыңыз туралы біле аласыз және төлемді де жүргізе аласыз.
Барлық қажетті қызметтер онлайн режимінде электрондық сервистер арқылы: Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында (kgd.gov.kz), электрондық үкімет порталында (egov.kz) немесе салық төлеушінің кабинетінде қолжетімді.
Заманауи салық мүмкіндіктерін пайдалана отырып қаржылық мәселелерді шешуді кейінге қалдырмаңыз.
Анықтама:
Елорда тұрғындарының меншік салығы бойынша берешегінің жалпы сомасы 2 млрд.632 млн. теңге. Осы соманың негізгі бөлігі — 2 миллиард 306 миллион теңге — көлік салығына, ал 325 миллион теңге - мүлік салығына тиесілі.
Салықтар туралы толығырақ ақпаратты 1414/3 телефоны арқылы немесе Instagram @astana_mkd_dgd_astana.