
Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуын мерекелеу аясында елордада Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Астана қаласы бойынша МКД) жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына Астана қаласының әкімі — Жеңіс Қасымбек, ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Астана қаласы бойынша МКД басшысы Шыңғыс Ануарбеков "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде, қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа деңгейіне шығу, халықтың сенімін арттыру, мемлекеттік басқару тиімділігін күшейту, сондай-ақ азаматтардың күнделікті өмірін оңайлату үшін, жұмыстың нәтижелі үлгісі болып табылатын Open Space форматындағы кеңсе әзірленді.
Іс-шара соңында саланың дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау өтті.