Жарияланған күні: 23.01.2025 15:49
Өзгертілген күні: 23.01.2025 16:27

           Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2024 жылы көлемі 163 мың литрден асатын алкоголь өнімінің заңсыз айналымын анықтады, салынған айыппұлдар сомасы 11 миллион теңгеден асты.

         Сонымен қатар, есептік кезең ішінде бақылау іс-шаралары барысында құны 68 миллион теңгеден асатын 80 мыңнан  астам қорап темекі өнімдерінің заңсыз сатылымы анықталды.

         Құрметті салық төлеушілер, Департамент қала аумағында заңсыз акцизделетін өнімді анықтау үшін үнемі тексерулер жүргізетінін еске саламыз.

         Алкогольді, этил спиртін және темекі өнімдерін тиісті сертификаттарсыз және сәйкестік белгілерінсіз, сондай-ақ техникалық регламенттерді сақтамай сатуға тыйым салынатынын атап өткен жөн.

Салықтар туралы толығырақ ақпаратты 1414/3 телефоны арқылы немесе Instagram @astana_mkd_dgd_astana.