Жарияланған күні: 27.06.2016 18:51
Өзгертілген күні: 27.06.2016 18:52

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, алкоголь өнімдерінің көтерме саудада және алкоголь өнімдерін импорттаумен айналысатын салық төлеушілердің  назарына,  01 қаңтар 2016 жылы есепке алу-бақылау таңбаларының жаңа үлгісіне  өтуіне байланысты, сыра мен шарап шикізаттарынан басқа алкоголь өнімдерінің   есепке алу-бақылау таңбасының  жаңа үлгісіне  01 мамыр 2017 жылға дейін қайта таңбалау керек екеніндігін, сонымен қатар 23 мамыр 2015 жылы  енгізген ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау,  2016 жылдың 01 қыркүйегіне дейін  мүмкін екенін хабарлайды.

       Алкоголь өнімдерін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау (қайта таңбалау) кезінде  заң бұзушылық орын алған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 283 бабына сәйкес, заң бұзушылықтың  тікелей  заты болып табылған акциздік тауарлар тәркіленіп, сонымен қатар аталған қызмет түріне лицензиясының күші тоқтатылады.

  • Орта бизнес субъектісіне қарастырылған айып пұл 200 айлық көрсеткішті құрайды.
  • Ірі бизнес субъектісіне қарастырылған айып пұл 500 айлық көрсеткішті құрайды.

       Егер, есепке алу-бақылау таңбаларының анықтауға келмейтін немесе мүлдем жоқ алкоголь өнімдерін  сақтау, сату және тасымалдау орын алған жағдайда, жеке тұлғаға - 50, шағын бизнес субъектісіне – 150, орта бизнес субъектісіне -200, ірі бизнес субъектісіне-500 айлық көрсеткіш қаастырылып, заң бұзушылықтың  тікелей  заты болып табылған акциздік тауарлар тәркіленіп, сонымен қатар аталған қызмет түріне лицензиясының күші тоқтатылады.