
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Еуразиялық Банк» Акционерлік қоғамында өткен шағын және орта бизнесті қолдау шараларын түсіндіру мақсатында өткен «Ашық есік күніне» қатысты.
Бұл іс-шараға сондай-ақ «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Астана қаласының Кәсіпкерлер Палатасы, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы қатысты.
2018-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша Департаменттің Түсіндіру жұмыстары басқармасының бөлім басшысы Калиева Мадина сөз алды. Кәсіпкерлерге жеке табыс салығы бойынша, әлеуметтік салық бойынша, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық режиміндегі өзгерістер бойынша, электронды сауда қызметін жүргізу тәртібі бойынша негізгі өзгерістер түсіндірілді. Сондай-ақ, 2020-жылдан басталатын жалпыға бірдей мағлұмдау мәселелері талқыланды.
Елордалық кәсіпкерлер кәсіби түсіндірме алды және салық салу сұрақтары бойынша, шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік қолдауға қатысты тәжірибелік ұсыныстар алды.