
2017-жылдың 6-қазаны күні Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (әрі қарай - Департамент) «Донор күні» қайырымдылық науқанын атап өтті.
Қан тапсыру орталығында өткен қайырымдылық шараға Департамент қызметкерлері белсене ат салысты.
Статистикаға жүгінсек, әрбір үшінші адам өз өмірінде өзге біреудің қанына мұқтаж болады екен. Донорлық қан болмаса, қан ауруына, онкологиялық дертке шалдыққан балалар мен ересек адамдардың өмірін арашалап қалу мүмкін емес.
Астана қаласының Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының дәрігері Елена Викторовнаның айтуына қарағанда, бұл әрекет донордың өзіне физиологиялық жағынан да, психологиялық жағынан да пайдалы. Егер еліміздің әр тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқас ауруынан айығып, сан мыңдаған адам өз туысынан айырлымас еді.
Бұл ретте, Департамент қызметкерлері арасында тұрақты түрде қан тапсыру қалыпты жағдайға айналғанын айта кеткен жөн.
Салауатты қоғам қалыптастыруға бағыталған бұл шара келешекте де жалғасын таба береді.