.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендiк декларациялау жөнiндегi маманының бiлiктiлiк аттестатын алу үшін біліктілік емтиханы 2016 жылғы 26 АҚПАНДА өткізілетінін хабарлайды.
Өткізу мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 70, 304 кеңсе.
Біліктілік емтиханынын тапсыру үшін оны жүргізгенге дейін, 3 күн бұрын еркін нысандағы өтінішті кеден органына табыс ету қажет.
Өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) техникалық және кәсiптiк немесе жоғарғы бiлiмiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
3) 3,5х4,5 сантиметр көлемiндегi екi түрлi-түстi фотосы қоса берiледi.
Барлық сұрақтар бойынша (7172)–77–32–53 нөміріне хабарласу қажет.