Жарияланған күні: 08.06.2018 09:24
Өзгертілген күні: 08.06.2018 09:25
ҚР 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VI Заңымен кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Егер қосылған құн салығы бойынша есепке қою мақсатындағы айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төменгі айналым мөлшерінен асып кетсе жеке практикамен айналысатын тұлғаларға ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою міндеттемесі пайда болады. Жеке практикамен айналысатын тұлғаларға – жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиаторлар жатады.
Сонымен қатар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюды жүзеге асыра алады.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен айналысатын заңды тұлғалар қосылған құн салығы бойынша мағлұмдаманы негізгі және қосымша қызметі бойынша бөлек тапсыратын болып анықталды.
Бұл ретте, бөлек есепті жүргізу барысында есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызылуға рұқсат етілмеген ҚҚС сомасын анықтау туралы жаңа қағида енгізілді.
Осы баптың 1-тармағындағы және өзге де қызметте бір мезгілде қолданылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қосылған құн салығынының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызылуға рұқсат етілмеген ҚҚС арасында келесідей формула арқылы үлестіріледі:
 
ҚҚС ре 1 = ҚҚС ес х А сал / А жал;
ҚҚС ре 2 = НДС есҚҚС ре 1,
 
бұл жерде,
ҚҚС ре 1 - ҚҚС ес – бір мезгілде негізгі және қосымша қызметінде қолданылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша түзетулерді қоса алғанда есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
А сал - бөлек есепке алу жүргізілетін салық кезеңі үшін салық салынатын айналым сомасы;
А жал – негізгі және өзге де қызмет айналымдарының қосындысы ретінде анықталатын жалпы айналым сомасы;
ҚҚС ре 2 – өзге қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін.
Салық салынбайтын айналымдар болған жағдайда өзге қызметі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығын анықтау түрлерін ескере отырып барабар және бөлек әдістермен анықталады.
По иному обороту такой плательщик НДС, вправе определять сумму НДС, разрешенного к отнесению в зачет, пропорциональным методом в соответствии со статьей 408 Налогового  Кодекса.
Өзге де айналым бойынша ҚҚС төлеушісі есепке жатқызуға рұқсат етілген ҚҚС сомасын Салық кодексінің 408-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен анықтауға құқы бар.