Жарияланған күні: 20.01.2023 11:18
Өзгертілген күні: 20.01.2023 11:27

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII ҚР Заңымен корпоративтік табыс салығын есептеу бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Жаңашылдықтар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енеді.



1. Корпоративтік табыс салығы бойынша кіріс ретінде қарастырылмайды:

- энергия беруші ұйымның мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдардан, басқа да энергия беруші ұйымдардан немесе электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын электр желілерінің меншік иелерінен теңгерімге өтеусіз негізде қабылдаған электр желілерінің құны;

- күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының шартты коэффициентті қолдануы нәтижесінде пайда болған амортизацияланатын активтер топтарының (кіші топтарының) құн балансын ұлғайту.



2. Салық төлеушінің басқару органы мүшелерінің қызметтік іссапарлары мен сапарлары кезіндегі өтемақы сомаларын шегеру үшін жол жүруді отырғызу талонымен немесе өзге де құжатпен растау талап етілмейді.



3. Коммерциялық емес ұйымдар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинауға бағытталған пәтерлер, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің міндетті шығыстарын жылдық жиынтық табыстан алып тастайды.



4. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар бойынша шығыстар сомасы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімді салық төлеуші төленгені бойынша емес, әлеуметтік аударымдарға ұқсас есептелген аударымдар бойынша жүргізеді.



5. Орталық органдары және олардың ұйымдары «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 6-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарға сәйкес аванстық төлемдерді есептеу және төлеу, оның ішінде олар бойынша салық есептілігін ұсыну және жасау жөніндегі міндеттемелерден босатылады.