Базарлар мен сауда орталықтарында кәсіп жүргізетін салық төлеушілерге арналған семинарлар өткізілетінін қуана хабарлаймыз.
Енді кеңес алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына бару қажет емес. Кеңес берушілер сіздерге барады.
2016 жылдың 29 қаңтары «Артем» сауда орталығында(2-қабат, 256-бутик) сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті және Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының қызметкерлері Салық заңнамасын түсіндіру және өзге де өзекті сұрақтарға жауап беру қызметтерін көрсетеді. Салық есептері үлгілерін толтыру (910.00, 911.00), мүлік және капиталды заңдастыру, бақылау-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды пайдалануға қатысты кеңестер алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Қапы қалмаңыздар!