Жарияланған күні: 27.01.2016 17:53
Өзгертілген күні: 27.01.2016 17:54

Қазіргі уақытта Ұлттық экономика мен қаржы министрліктері біріккен Салық және Кеден кодекстерін (бұдан әрі - Кодекс) әзірлеуде.

Кодексті әзірлеудің мақсаты салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және оңайлату болып табылады.

Кодексті әзірлеу процесіне Сіздердің белсенді түрде қатысудың нәтижесінде жоғары тиімділікке қол жеткізуге болады.

Сіздерге белсенді азаматтық ұстанымды білдіруді және Кодекс жобасын талқылауда белсенді қатыса отырып, азаматтардың, бизнес пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының аса тиімді моделін құру үшін негіз болатын өз идеяларыңызбен бөлісуді ұсынамыз.

Арнаулы осы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында, Сіздердің ұсыныстарыңызды жинақтау, қарастыру, талдау және талқылау үшін тақырыптарға бөлінген форум ашылды.