Жарияланған күні: 27.12.2024 20:31
Өзгертілген күні: 27.12.2024 20:32

2024 жылғы 27 желтоқсанда — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Астана қаласының бизнес өкілдерімен және тұрғындарымен Ашық кеңес өткізді. Іс-шара Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында өтті және салық жүйесі мен мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналды.



Кездесу барысында Жандос Дүйсембиев Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін әзірлеудің негізгі бағыттары туралы айтып, камералдық бақылауды жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялауды енгізу және жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін жақсарту сияқты маңызды бастамаларды атап өтті.



Салық төлеушілермен тиімді өзара іс-қимыл жасауға және Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын едәуір жақсартуға негіз болатын Ақпараттық жүйелерді жаңғыртуға ерекше назар аударылды.



Кездесуге қатысушылар ұсынылған бастамаларды белсенді талқылап, салық саясаты мен әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған өз идеяларын енгізді.



Кездесу соңында Жандос Дүйсембиев барлық қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғысын білдіріп, табысты Жаңа жыл тіледі.