
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат ықтиярхаты бар тұлғалар мен оралмандардың, олардың мүлікті заңдастыруымен байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) 2015 жылдың 13 қарашада мемлекет басшысы қол қойды.
Осы Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заңдастыруды жүзеге асыруда барынша жеңілдетіп жаңа тәсілдер арқылы рәсімдеуді жүргізуге мүмкіндік жасады. Яғни, Заңда мүлікті жария ету субъектілеріне максималды түрде халық арасында кең ауқымды түрде түсіндіру жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда қарастыру көзделген. Жалпы, жария етуге байланысты: «Қандай құндылықтар заңдастыру арқылы жария етуге жатады?» деген сұрақ сөзсіз туындайды. Бұл сұраққа аталған Заңның 3 бабында нақты көрсетілген. Атап айтқанда, жария етуге ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы қатысу үлесі, басқа тұлғаға рәсімделген жылжымайтын мүлік немесе Қазақстан Республикасынан тысқары мүліктер жария етуге жатады.
Сонымен қатар, сот тәртібімен дауласып алынған ақша, несиелер, қылмыстық және сыбайлас жемқорлық жолымен алынған мүлік, мемлекет пайдасына беруге жататын жылжымайтын мүлік объектілері, аяқталмаған құрылыс, бюджет қаражаты есебінен алынған мүліктер жария етуге жатпайтынын ескерген жөн.
Сондай-ақ, мүлікті жария ету 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғанын ескере отырып, науқанның аяқталуына бір ай ғана шектеулі мерзімнің қалуын ескеріп, мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет.
Мемлекет басшысы айтқандай: «Жария ету – бұл соңғы акт, бұдан кейін ешқандай жеңілдік болмайды!».
Заңдастырылмаған мүлікті жария ету процесінен жасырған тұлғалар заң алдында жауап беруі тиіс. Сондықтан, мүлікті жария ету үшін берілген мүмкіншілікті барынша пайдаланып, осы мүмкіндікті ескеріп ертеңгі күнді бүгін ойлау керек.
Заң нормаларына бағыну маңызды, заңнамаға бағынбау жауаптылыққа әкелетінін естен шығармау қажет.