Жарияланған күні: 19.09.2024 16:52
Өзгертілген күні: 19.09.2024 16:54

Жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік кірісіне мыналар жатады:



1) жеке тұлға Салық кодекстің 331-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;



2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісі;



3) жеке тұлға Салық кодекстің 333-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;



4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс;



5) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;



6) шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Салық кодекстің 334-бабында көрсетілген өзге активтерді өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс.



##МКДАСТАНА#ДГДАСТАНА#салық#налоги#кеден#таможня#казахстан#астана