Жарияланған күні: 22.09.2015 14:13
Өзгертілген күні: 22.09.2015 14:15

Салық төлеушілердің салықтық міндеттері туралы хабарландыру жұмыстарын жүргізу мақсатында, мемлекет алдындағы салық бойынша борыштарды азайту және Қазақстан Республикасының адал азаматы болуға шақыру мақсатында Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті «Өз салығыңды біл» атты акциясын бастады.

Акцияның алғашқы күні 2015 жылдың 19 қыркүйегінде қаланың ең ірі  «Хан Шатыр», «Азия Парк» , «Керуен» сауда орталықтарында болды. «Өз салығын білуге» келген салық төлеушілердің саны 100-ге жетті.

Департамент қызметкерлері сауда орталықтарында салық төлеушілерді қабылдап,  жеке тұлғаларға салық салу нысандары туралы, үстіміздегі жылдың 01 қазанына дейін төленуі тиіс салық сомалары туралы толық айтып берді.

Осы күні азаматтар мүлік немесе жер салығын есептеу тәртібі туралы ақпарат алды, салық қорындағы нақты емес деректерге байланысты өздерінің салық міндеттерін реттей алды.  Салық борышы туралы хабарландыру алмаған немесе жойып алған салық төлеушілер де өздерінің міндеттеріне қатысты толық ақпараттандырылды.

Айта кету керек, келесі акция осы жылдың 26 қыркүйегінде «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында өтеді.

Астана қаласы бойынша МКД қызметкерлерінің айтуы бойынша Астана қаласының кез келген салық төлеушісі өздерінің салықтық міндеттемелерін «Жеке кәсіпкерлерге арналған салық төлеушінің жеке кабинеті» сервисі арқылы да өтей алады. Салық төлеу мерзімінің соңғы күнін күтіп жүріп уақыт өткізіп, салықтың негізгі сомасына өтемпұл қосылмай тұрғанда уақытылы салық міндеттемелерін орындаған дұрыс.