
Өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс қосылған құн салығының тиісті сомасы мен акциздер ескеріле отырып, мынадай мөлшерде айқындалады:
-мүліктің баланстық құны;
-мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, мүліктің жеке тұлғаға берілуіне негіз болған шартта немесе өзге құжатта айқындалған мүлік құны.
Өтеусіз алынған жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс қосылған құн салығының тиісті сомасы ескеріле отырып, салық агентінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны түрінде айқындалады.




























