Жарияланған күні: 31.10.2025 14:07
Өзгертілген күні: 31.10.2025 14:08

2026 жылдан бастап роялти төлеу тәртібін реттейтін жаңартылған ережелер күшіне енеді.

7-бапқа сәйкес, роялти құқықтар мен мүліктің белгілі бір түрлерін пайдаланғаны үшін төлем ретінде анықталады.

Роялтидің негізгі объектілері: пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік түзілімдерді қайта өңдеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығы; авторлық құқықтарды, сызбаларды, модельдерді, патенттерді, тауар белгілерін және басқа да осыған ұқсас құқықтарды пайдалану болып табылады; жаңартулар тек қателерді түзетуге арналған немесе бағдарламаның дамуына қатысы жоқ жағдайларды қоспағандабағдарламалық жасақтаманы, соның ішінде жаңартуларды қолдану. Сондай-ақ, роялти объектілеріне "ноу  хауды" - коммерциялық құндылығы бар құпия ақпаратты, кино және бейнефильмдерді, дыбыстық жазбаларды және басқа да жазу құралдарын, сондай-ақ экипажсыз жалға алынған кемелерді қоспағанда, теңіз және әуе кемелерін қоса алғанда, сауда, ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік жабдықтарды пайдалану жатады.

Зияткерлік меншік объектілеріне мүліктік (айрықша) құқықтарды толық іске асырғаны үшін төлем роялти танылмайтынын атап өту маңызды.

Бұл өзгерістер зияткерлік меншік саласындағы ашықтықты арттыруға және ресурстарды пайдалануды реттеуге, сондай-ақ өз қызметінде зияткерлік және материалдық активтерді пайдаланатын компаниялар мен кәсіпкерлер үшін әділ салық салу жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.