
2017 жылдың 25 қаңтарында, Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ мәжіліс-залында «Салық және кедендік әкімшілендіру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында салық төлеушілерге арналған кеңейтілген семинар өткізді.
Семинар «Бизнес пен қаржы ассоциациясы» ЖШС, «Орталық бухгалтер үйі» ЖШС, «Finex-Standart» ЖШС секілді кәсіби салық кеңесшілерімен және аудиторлық компанияларымен ынтымақтастықтың негізінде өткізілді.
Семинардың ашылу салтанатында Астана қаласы Кәсіпкерлер Палатасының директоры Г.Тасмағамбетов сөз алып, Бухгалтерлер клубы құрылғанына назар аударды. Бухгалтерлер клубының негізгі мақсаты қала бухгалтерлерінің кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыру болып табылады.
Семинарда келесі бағыттағы сұрақтар қаралды:
Халықаралық салық алу; ақпарат алмасудағы халықаралық қарым-қатынас; шетелдік қаржы мониторингі |
С. Баймағамбетова – Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті |
Жанама салықтар бойынша әзгертулер. Электрондық счет-фактуралар. ҚҚС бойынша тіркеу есебі. |
Бекболсынова А.С. - "Орталық Бухгалтер Үйі» ЖШС |
Аудиторлық қорытынды нәтижесінде салық төлеушілердің кейбір категорияларының қызметін тоқтату мәселесі бойынша өзгертулер. |
Жанабекова А. - "Finex-Standart"ЖШС аудиторлық компаниясы |
Корпоративті табыс салығы. Жеке табыс салығы. Өндірістік емес төлемдер Салық есебі нысандары. |
Прокопьева Ю.И.- «Бизнес пен қаржы ассоциациясы» ЖШС |
Семинарға 700-ден аса кәсіпкерлік өкілдері қатысты және семинар реграментіне сәйкес, лекторлардың сөз сөйлеуінен соң белсенді сұрақ жауап өткізілді.
Мы хотим поблагодарить всех предпринимателей за активное участие в семинаре. Мы получили очень много положительных отзывов. Спасибо вам за обратную связь!
Барлық кәсіпкерлерге семинарға белсене қатысқаны үшін үлкен алғыс білдіреміз