Жарияланған күні: 11.02.2025 11:42
Өзгертілген күні: 11.02.2025 11:49

2025 жылғы 10 ақпанда елордада бизнес өкілдерімен Үкіметтің салық реформасы жөніндегі ұсыныстары талқыланды.

Іс-шара Қаржы министрі Мәди Такиевтің төрағалығымен, Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің, Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың,  Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановтың, "Атамекен" ҰКП қатысуымен өткізілді.

Іс-шара мемлекеттік органдар, бизнес, қауымдастықтар, қоғамдық және салалық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өтті.