Жарияланған күні: 29.06.2016 17:10
Өзгертілген күні: 29.06.2016 17:11

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті алкоголь өнімінің көтерме және бөлшек саудасымен айналысушылардың жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеу мерзімі 2016 жылдың 20 шілдесіне дейін екендігін хабарлайды.

Алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуде және сақтауды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеушілер болып табылады.

Алым әр қызмет объектісіне және көтерме саудада өткізушілер үшін – 200 АЕК, бөлшек сауда мен айналысушылар әкімшілік-аумақтық бірлігене байланысты сараланады, ол Елордада - 100 АЕК тең болады.

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өзінің орналасқан жері бойынша (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша) КБК 105402 алым төленеді.

Сонымен қатар, жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемеген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 282 бабының 8 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 150-ден 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға әкеп соғады, лицензияның қолданылуы алты айға дейін тоқтатылатынын естеріңізге саламыз.