
Өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз мынадай реттілікпен:
1) артық төленген өсімпұл сомасы түзілген - белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша өсімпұлдың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің есебіне;
2) артық төленген өсімпұл сомасы түзілген - белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша бересіні өтеу есебіне;
3) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу есебіне;
4) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша өсімпұлды өтеу есебіне;
5) артық төленген сома түзілген - белгілі бір салық түрі, төлемақы бойынша және салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.