Жарияланған күні: 09.10.2024 14:36
Өзгертілген күні: 09.10.2024 14:37

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау салықтық бақылау болып табылады.



Салықтық бақылау:

1) салықтық тексеру нысанында;

2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.



Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:

1) салықтық міндеттеменің, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттердің орындалуын есепке алу;

2) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;

3) акцизделетін тауарларды, сондай-ақ авиациялық отынды, биоотынды және мазутты бақылау;

4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

5) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін бақылау;

7) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау;

8) құзыреттер шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымын бақылау жүзеге асырылады.



##МКДАСТАНА#ДГДАСТАНА#салық#налоги#кеден#таможня#казахстан#астана