
Банктік шоттар (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда:
-салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешекті өтемеген;
-салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарлама орындалмаған;
-салық органының лауазымды адамдарының осы Кодексте белгіленген салықтық тексеру жүргізу тəртібін бұзған жағдайлардан басқа, олар салық салу объектілерін жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге жəне зерттеп-қарауға жіберілмеген;
-камералдық бақылау нəтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама орындалмаған;
-дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама орындалмаған;
-тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарлама орындалмаған жағдайларда жүргізіледі.




























