
19.02.2018 жылы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа қарсы тұру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Рахимов Жанғазы Зекенұлы сыбайлас жемқорлықты жасауға итермелейтін басты себептеріне тоқталып, азаматтардың қылмыс жасаған жағдайындағы жазалары мен зардаптары жайлы атап өтті.
Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасы бөлімінің басшысы Утимисов Әділбек Қаратайұлы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы мемлекеттік қызметшілерге қойылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер жайлы түсіндірді.
Жемқорлық пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаларының талаптарын қатаң сақтау ұсынылды.