Жарияланған күні: 23.01.2025 15:37
Өзгертілген күні: 23.01.2025 15:39

Тауардың шығарылған жері туралы сертификат тауардың шығарылған жері туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы немесе әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген жағдайларда – тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, ел өңірінің немесе елдің бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы берген, белгілі бір нысандағы құжат болып табылады.

Тауардың шығарылған жері туралы сертификатқа, оның ішінде оны ресімдеу және (немесе) толтыру тәртібіне қойылатын талаптар әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленеді.

Егер тауардың шығарылған жері туралы сертификатта тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында қолданылуы белгіленген өлшемшарттардан өзгеше өлшемшарттарға негізделсе, тауардың шығарылған жері туралы мұндай сертификат тауардың шығарылған жері туралы құжат ретінде қарастырылмайды.