
Барлық тұлғалардың тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге тең негізде құқығы бар.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және Салық Кодекске сәйкес кедендік бақылауға жатады.